Оралда сэндвич-панель шығаратын зауыт салынуда
Оралда сэндвич-панель шығаратын зауыт құрылысы аяқтала келді. Бұл - өңірде баламасы жоқ алғашқы жоба. Кәсіпорын мемлекеттің қолдауымен іске қосылмақ. Жаңа 20 жұмыс орны ашылады. Сэндвич-панель құрылыста кеңінен қолданылады. Бұл өнім қазір өңірге Ресейден әкелінеді. Ал құны 1 миллиард теңге болатын бұл зауыт іске қосылған кезде ішкі нарықтың сұранысы өтелері анық. Өндіріс цехы жергілікті «Агран» компаниясының базасында құрылған. Жалпы аумағы - 3 мың шаршы метр. - Құрылыс бойынша қазір мұнда мердігер компаниялар жұмыс істеуде. Іс басында 34 адам бар. Нысанның төбесін жауып, терезесін салу қалды.