Оралда «SMART CITY» жобасының аясында 300 бейнебақылау камерасы орнатылады
Қауіпсіздік қалғымайды. Оралда «SMART CITY» жобасының аясында 300 бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Оның 200-і қоғамдық орындар мен жол бойында, ал қалғаны – тұрғын үй аулаларында. Бұл шара құқықбұзушылықтың алдын алып, қылмыстың ізін суытпай ашуға ықпал етпек. Орал қаласындағы тәртіп тәулік бойы сақшылардың назарында. Көше қиылыстары мен қоғамдық орындар, әкімшілік ғимараттар маңында бүгінде 106 бейнебақылау қондырғысы орнатылған. Енді «Ақылды қала» жобасының аясында тағы 200 камера шаһар қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Бұл іске жеке инвесторлар тартылып, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптесті