Оралда субұрқақтар бірінші мамырда қосылмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.
Шаһар аумағында 31 субұрқақ 14 орында орналасқан. Атқамінерлер биыл барлық субұрқақ жұмыс істейді деп сендірді.
- Жаңа субұрқақтар орнату жоспарланбаған. Тұңғыш президент алаңында орналасқан субұрқақтар жөндеуді қажет етеді. Жөндеу үшін алдымен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қажет. Қазіргі уақытта оған бюджеттен қаражат бөлінбеген, - деп хабарлады Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.