• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда тамақтан уланғандар саны артты

Орал қаласындағы тамақтан уланғандар қатары 29 адамға жетті. Дәрігерлер бұл санның әлі де артуы мүмкін дегенді айтады. Ал бұзылған бургерлерді саудалаған дәмханада, санитарлық талаптар мүлдем сақталмаған. Мұны тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының мамандары анықтап отыр. Уланғандардың барлығы «М6» сауда үйінде орналасқан «Бургер стрит+» кафесінде тамақтанған. Өздерін жайсыз сезінгендердің алғашқысы қарашаның 9-і күні таңда түссе, соңғысын жедел жәрдем бүгін әкелді. Қазір ауруханада жатқан 29 адамның 7-уі кішкентай бала. Бургер жеп, бәлеге қалғандардың бірі - Анар. Кешқұрым алты құрбысымен б
Оралда тамақтан уланғандар саны артты
Орал қаласындағы тамақтан уланғандар қатары 29 адамға жетті. Дәрігерлер бұл санның әлі де артуы мүмкін дегенді айтады. Ал бұзылған бургерлерді саудалаған дәмханада, санитарлық талаптар мүлдем сақталмаған. Мұны тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының мамандары анықтап отыр.  
kafe
kafe
Уланғандардың барлығы «М6» сауда үйінде орналасқан «Бургер стрит+» кафесінде тамақтанған. Өздерін жайсыз сезінгендердің алғашқысы қарашаның 9-і күні таңда түссе, соңғысын жедел жәрдем бүгін әкелді. Қазір ауруханада жатқан 29 адамның 7-уі кішкентай бала. Бургер жеп, бәлеге қалғандардың бірі - Анар. Кешқұрым алты құрбысымен бірге дәмханадан жүрек жалғаған бойжеткен, екінші күні төсегінен тұра алмай қалған. Көзі қарауытып, жүрегі айныған, қызуы көтерілген. Амалсыз, жедел жәрдем шақырыпты. - Таңертең тұрғанда ауруым басталды. Бірақ бірден скорый шақырған жоқпын. Алты қыз бірден больницаға жатты да, соның ертесі күні, мен кеше ғана түстім. Қазір алты қыз жатыр, мен жетіншісімін, - дейді АНАР АБДУСАМАТ. Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр күйде. Оларға қажетті ем-дом көрсетілуде. Аталған дәмханада күніне 80 котлет дайындалып, түрлі асқа қосылған. Сондықтан әлі де уланғандар қатарының артуы мүмкін дейді дәрігерлер. - Қазір 29 науқас. Мұның саны әлі де артары сөзсіз. Өйткені жеті күннің арасында инкубационный уақыт деген бар. Сондықтан тағы түсуі де мүмкін. Бүгінгі таңда бактериялогиялық зерттеу дайын. Қорытынды зерттеудің ішінде салмоноллез деген возбудитель анықталды, - дейді жұқпалы аурулар ауруханасының директоры НАДИЯ АХМЕТОВА. Дәмхана өткен жылдың желтоқсанында ашылған. Бір жылға жуық уақыт өтсе де, тиісті органдарда тіркелмепті. Сондықтан бақылау болмаған, санитарлық талаптар сақталмаған. Мәселен, кафе білікті аспазсыз, ыстық сусыз қызмет еткен. -  Құжаттары жоқ, етке, фаршқа, жұмыртқаға. Барлық тамақтар таксимен алып келінеді. Техологический процесс дейміз ғой, соның бұзушылықтары анықталды. Ыссы су жоқ. Және те персонал, қызметкерлері медициналық құжаттары жоқ, - дейді Оралқалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы МӘДЕНИЕТ ТАНАУОВ. Қазір кафенің жұмысы тоқтатылды. Оның иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Егер кінәсі дәлелденсе, ірі көлемде айыппұл салынбақ.     Акерке Абишева      
Главный баннер --> after article