Без рубрики
Оралда жаңа зауыт іске қосылды
Облыстың құрылыс индустриясы саласында бетон өнімдерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Сапалы шикізаттан жасалған жергілікті өнімнің 8 түрі облыстың құрылыс нарығында пайдаланылуда. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан жоба облыстың экономикасына өз үлесін қоспақ. Бетон өнімдерін шығаратын жаңа зауыт тамыз айында іске қосылды. Батыс өңірдегі бірегей өндіріс толықтай автоматтандырылған. Заманауи құрал-жабдықтар еуропалық сапа стандарттарына сай. - Өндірістік тізбекті тікелей байланыс арқылы Германиядан қадағалауға болады. Бұл орын алған ақауларды тез анықтап, кем-кетікті жоюға мүмкі