Оралда жаз басталды - суға түсем деушілер сақтықты ұмытпайық
Биылғы жаз мезгілінің алғашқы айында табиғат тосын қырын танытты. Асыға күткен жаздың алғашқы айы жауын-шашынды болып, Оралдықтардың табиғат аясында серуендеуіне, әсіресе суға түсуіне тосқауыл болды. Енді міне, ақырын басып, шуақты күндер де келіп жетті. Жаз маусымындағы үлкен-кіші күткен қызықты сәттердің бірі табиғат аясында серуендеу, соның ішінде су айдындарында шомылып, күнге қыздырыну арқылы денсаулығын нығайту. Алайда табиғат аясында жүріп судың жылы-суығына, терең-тайызына мән бермей қарапайым ережелерді сақтамай жазатайым оқиғаларға жол берілгеннен қазаға душар болғандар мен тілсіз жа