Оралда жерлес ақын Марабай Құлжабайұлы атындағы республикалық жыршылар байқауы өтті
Батыс Қазақстан облысында бұл байқау екінші рет өтіп отыр. Оған барлығы 11 жыршы қатысты. Екі кезеңдік сынның алғашқысында қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтты. Ұзақтығы 5 мың жолды құрайтын бұл шығарманы жырлаудың өзіндік себебі бар. Қас батырдың ерлігі дәріптелетін эпостық дастанның ең көркем нұсқасы ақиық ақын, жырау Марабай Құлжабайұлы арқылы жеткен. Ал екінші кезеңде қатысушылардың әншілік шеберлігі сынға түсті. - Байқаудың басты мақсаты елдің рухын биіктеткен біртуар тұлғаның есімін ұлықтау. Әрі кенжелеп қалған жыраулық өнерді қайта түлету дейді, - ҚР Мәдениет қайраткері Аманд