Социум
Оралда жолаушы тасымалдаушылар паркі 35 жаңа автобуспен толықты
Қоғамдық көліктегі қызмет сапасын арттыру мақсатында Орал қаласында жолаушы тасымалдаушыларға талап күшейтілді. Соның бірі -жолақы өскен мезетте қойылған шарт-автопарктерді жаңарту, газель автокөлігінен арылу болатын. Шаһарымыздағы тұңғыш президент атындағы алаңда Батыс Қазақстан облысы əкімі Алтай Көлгінов пен қала басшысы Мұрат Мұқаевқа су жаңа автобустар таныстырылды. "Vektor" маркілі жалпы саны 35 автобус №20 маршрутқа табысталып, аталған бағытта қатынайтын желідегі көліктер толықтай жаңаланып отыр. -Келесі жылы "БРК-лизинг" компаниясы арқылы "Daewoo" маркілі 135 автобус алуды жоспарлап от