Оралдың тумасы Жадыра Қабдоллақызы Димаш Құдайбергеннің портретін тілемге тоқыды. Кілемде әншінің суреті айна қатесіз қайталанған. Жадыра өзінің туындысын әлеуметтік желіге жүктеді. Желі қолданушылары Жадыраның өнеріне тәнті болып, ақжарма тілегін жазуда. Өнер иесімімен «Мой город» ақпарат порталының тілшілері де тілдесті.
Қазір Астанада өмір сүретін ару бала кезінен өнерге икемі болыпты. Кілем тоқуды анасы үйреткен. Ол осы өнерді 8-9 жасынан меңгерген. Жастайынан үйренген өнерін Жадыра осыдан 5-6 жыл бұрын қайта қолға алған.
— Кілем тоқуға келген себебім екінші қызым дүниеге келген соң көп ауыратын болды. Біз үйде отырған бала неге жиі ауырады деп түсінбейтін едік. Көп дәрігерлерге қарала келе бізде аллергия барын білдік. Оған бронхиальды астма деген диагноз қойды. Үйде шаң жинайтын барлық дүниеден құтылу керек болды. Тізім өте көп болды. Мысалы, мамықты жастық, жүк көрпе, үйдің әртүрлі декоративті бұйымдары, терезе жабын, кітап сөрелері болды. Мен қатты келісе алмағаным кілем болды. Қазақ үшін кілемсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты көрінді. Баланы қалай жерге отырғызамын? Суық жерге қалай отырғызамын деп ойлана келе мақталы жіппен кішкене кілем тоқып бердім. Алғашқы кілемін қиын жағдайдан пайда болды. Сол кілемді қолдану барысында кілемнің жақсы тұстары мен қасиетін барын түсіндім. Ол шаң жинамайды, оңай тазартылады. Содан үлкен кілемдер тоқи бастадым, – дейді Жадыра Қабдоллақызы.
Араға уақыт салып, кейіпкеріміз үлкен кілемдерді тоқуды қолға алады. Ол кілемдеріне қазақтың ою-өрнегін салып, түстерді үйлесімді араластырып, шығармашылығын шыңдаған.
Жадыра кілем тоқу машығын біраз жылдар бойы жетілдіріп, түрлі тоқудың түрлі техникасын меңгерген. Ісмер осыдан екі жыл бұрын кілемге адамның портретін тоқуды мақсат тұтыпты. Ол ұзақ уақыт бойы ізденіп, танымал тұлғаларды зерттепті.
— Өзіме биік мақсаттар қоямын. Қолымнан келетін дүниеден бір екі саты жоғары мақсат қоямын да соған жетуге тырысамын. Қазақтың оюларын тоқу шығып жатқан адамның бейнесі тоқуға келеді ме деген ой келді. Кімді тоқуға болады деп ойлай бастадым. Қазақстанда қандай тұлға бәріне таныс, бір көргеннен осы адам ғой деп ой туатындай адамдарды қарастыра бастадым. Бірінші ғалымдарды, ақындарды ойладым. Абай Құнанбаев, Ыбырай деп. Бірақ олар әр жастағы адамдарды қамтымайды. Жастар мысалы бірден танымауы мүмкін. Сол үшін халықтың сүйікті адамы кім деген ойда көп жүрдім. Көп уақытқа дейін Генадий Головның суретін тоқуды ойлап жүрдім. Бірақ Димаштың концертіне барған кезде халықтың мақтанышы, сүйікті әншісінің суретін тоқығым келетінін түсіндім, –дейді шебер.
Алғаш адамның бет-бейнесін тілемге тоқуда Жадыра біраз жүрексініпті. Ол портретті қалай тоқимын деп ұзақ ойланып, әншінің суретін біраз таңдаған. Ал, жұмыс не бары кілемнің көлеміне қарай 1,5-2 айда тоқыған.
Кілемді тоқып аяқтаған Жадыра туындысын әлеуметтік желіге жүктейді. Димаштың суретін көрген желі қолданушылары таңдасын жасырмайды. Олар ісмерге ризашылығын білдіріп, алған әсерін жасыра жазып жатыр. Қолөнерші Димаш Құдайбергенге өз қолымен кілемін сыйлауды армандайды.
— Димашның өзіне әрине бергім келеді. Өзім табыстасам керемет болар еді. Димаштың өзінің жұмыс тәртібі бар. Ол жұмыс басты адам. Оған кедергі болғым келмейді. Димашқа кілемім жетсе де қуанышты болар едім, – дейді Жадыра Қабдоллақызы.