Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді қарастыратын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Құжатқа сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау, әдепсіз әрекеттер жасау және олардың жыныстық қол сұғылмаушылығын бұзудың кез келген түрі үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қырғызстан билігі де балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін өмір бойына түрме жазасын енгізуді ұсынған.
Бұған дейін президент Садыр Жапаровтың әкімшілігі педофилия және зорлаумен қатар жасалған кісі өлтіру қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды енгізу туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарған.
Қазақстанда заң бірнеше рет қатаңдатылды. Қазір кішкентай балаларға қарсы ауыр сексуалдық қылмыстар үшін өмір бойы түрме жазасы тағайындалуы мүмкін.