Қазақстанның Алматысы ресми түрде 2029 жылы қысқы Азия ойындары өтеді. Тиісті құжатқа бесінші ақпанда Италияның Милан қаласында Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.

– ⠀ Алматыда спорттық және қалалық инфрақұрылым толық қалыптасқан. Осы фактор қалаға ауқымды қосымша құрылыс жүргізбей-ақ, кешенді халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибе ойындарды жоғары деңгейде әрі ұтымды өткізуге негіз болмақ. Азия ойындарының Қазақстанда өтуі ел үшін маңызды оқиға саналады және олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қосымша серпін береді, – деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан бұған дейін 2011 жылы қысқы Азия ойыны мен 2017 жылы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастырды.