Елімізде мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз жүріп-тұруы күн тәртібінен түспейтін сауал. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы мүгедектігі бар жандарға 34320 ғимаратты бейімдеу жоспарланғанын хабарлады. Күні бүгінге дейін бейімделген нысандардың саны 27683 құрайды.

— «Аманат» партиясының жол картасында 2023–2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20% бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы – картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100% бейімделуі тиіс, – деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрлік бейімделген ғимараттардың жалпы саны мен бағытын жариялады.

  • Денсаулық сақтау нысандары – 4 570;

  • Білім беру нысандары – 9 083;

  • Мәдениет нысандары – 2 166;

  • Сауда және қызмет көрсету нысандары – 5 314;

  • Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 4012;

  • Өзге де нысандар – 2 538.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, өңірлер бойынша бейімделген нысандар саны:

  • Астана қаласы – 810 нысан;

  • Алматы қаласы – 5 780 нысан;

  • Шымкент қаласы – 1 401 нысан;

  • Абай облысы – 872 нысан;

  • Ақмола облысы – 1 265 нысан;

  • Ақтөбе облысы – 898 нысан;

  • Алматы облысы – 1 055 нысан;

  • Атырау облысы – 1 438 нысан;

  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 221 нысан;

  • Жамбыл облысы – 1 084 нысан;

  • Жетісу облысы – 954 нысан;

  • Батыс Қазақстан облысы – 1 360 нысан;

  • Қарағанды облысы – 1 281 нысан;

  • Қостанай облысы – 1 367 нысан;

  • Қызылорда облысы – 1 567 нысан;

  • Маңғыстау облысы – 703 нысан;

  • Павлодар облысы – 1 158 нысан;

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 038 нысан;

  • Түркістан облысы – 2 286 нысан;

  • Ұлытау облысында 145 нысанды құрайды.