Қазақстанда алғаш сталкинг жасағандар 50 тәулікке қамалады
Президент «Заң мен тәртіп» тұжырымдасы аясында 16 шілдеде тиісті заңға қол қойды.

Қазақстанда сталкинг жасағандарда жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. 2025 жылдың 16 шілдесінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін мемлекет басшысы тиісті заңнамаға қол қойды. Осының нәтижесінде бұрын ешбір жауапкершілік көзделмеген қылмысты жазалауға болады. Енді осы сталкинг қылмысы қылмыстық кодекстің 115/1 бабы бойынша тергеледі.
Прокурорлар қылмысқа барғандар мұндай заң бұзушылыққа бірінші рет барса 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлады. Егер сталкинг зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзумен қатар жүрсе, іс-әрекеттер ҚК-нің басқа баптары бойынша қосымша сараланбақ.
- Сталкинг бабы бойынша қылмыстық қудалау нақты зиян болған кезде басталатынын білу маңызды - мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау, еркін жүріп тұру құқықтарынаң шектеулері немесе психологиялық қысым көрсету. Жауаптылықты енгізудің мақсаты –құрбандарды ерте кезеңде қорғау және зорлық-зомбылық пен агрессивті мінез-құлыққа мөлдем төзбеушілік қалыптастыру,-делінген бас прокуратураның хабарламасында.
Сталкинг- бұл адаммен қарым-қатынас орнатуға және оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспаған, елеулі зиян келтірген әрекеттерді білдіретін адамды заңсыз қудалау.