Елімізде үздік әрі үлгілі жанұяларды насихаттауға арналған «Мерейлі отбасы» байқауы басталды. Ұлттық конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өтінім береді. Өтінімдерді өңірлік комиссия қабылдайды.

Байқау екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең аудандық немесе қалалық кезең деп аталады. Ол 15 маусымнан 30 маусымға дейін ұйымдастырылады. Осы кезеңде жеңіске жеткен жанұялар облыстық сайыста бақ сынайды. Жеңімпаз жанұя «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атанады. 20 әулет биыл да лауреат болады деп жоспарлануда. Лауреаттарды марапаттау Астана қаласында өтеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі күні бүгінге дейін осы байқауға 20 мыңнан астам жанұя қатысқанын мәлімдеді.

Толық ақпаратты +7 (7172) 74-10-52, 74-01-62 телефон нөмірінен біле аласыздар.