3 часа назад

Қазақстанда жасанды интеллект жөнінде ұлттық стандарт бекітілді

Маңызды құжат жеті стандарттан тұрады.

Қазақстанда жасанды интелект жөнінде ұлттық стандарт бекітілді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жасанды интеллект жөнінде ұлттық стандарт бекітілді. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Бұл үкіметтің 2024-2029 жылдарға арналған жасанды интеллекті дамыту тұжырымдамасын іске асыруға арналған. 

Бизнестен бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін ЖИ технологияларымен жұмыс істеушілердің бірыңғай қағидаларын белгілейтін жеті стандарт әзірленіпті. Олар жасанды интеллектінің жан-жақты басқаруға және деректерді талдауға дейін барлық кезеңді қамтыған. Жаңа құжаттарда пайдаланушылардың дерегін қорғау мәселесі де көрсетілген.

Бекітілген стандарттар жасанды интеллектімен жұмыс істейтін ұйымдарды сертификаттау үшін негіз болмақ. Бұл қазақстандық компанияларға халықаралық талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік бермек. Сертификаттау ел мен сыртқы нарықта да сенімді арттырады деп үміттенеді.

Стандарт технологияны реттеп ғана қоймай, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен және саналы түрде қолдану мәдениетін қалыптастырмақ.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp