Серебряков жолы жөнделуде
Орал қаласына қарасты Серебряков ауылы тұрғындарының елді мекенге кіреберістегі көшенің жағдайына шағымданғанына біраз жылдың жүзі болды. Шұрық-тесік жолдың нашарлығы сонша, тіпті, қоғамдық көліктер ауыл сыртынан кері қайтатын. Қала әкімімен болған есепті кездесуде бірнеше рет көтерілген мәселе жақында шешімін тапты. Тақтайдай тегіс жол ауыл тұсына дейін келгенмен, әрі қарайғы үзіктің жол деген аты ғана. Әсіресе көктем, күз кезінде ауылға жетудің өзі мұң болды. Шұрық-тесік көшеге кіре алмаған қоғамдық көлік ауыл сыртында тоқтап жүрді. Сондықтан тұрғындар аялдамаға дейінгі үш шақырымды жаяулап-