5 часов назад

Тоқаев: «Қазақстан әлі импорттық тауарға тәуелді»

Қазақстан азық-түлікпен қамтуда импортқа тәуелді.

Сүт өндірушілер ішкі нарықта өзгелерге есе жіберуде
Фото: pixabay.com

Дүкен сөресінде тұрған тауарлардың дені импортқа тиесілі. Бұны президент те атап өтті. Ол: «Қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят. Сүт өндірушілер өзге елдің бәсекелестеріне есе жіберіп жатыр», – деп сынға алды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында ішкі нарықта толықтай етпен қамтуды тапсырды. Сонымен қатар, осы саланың экспорттық әлеуетін күшейтуді еске салды.

— Дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек. Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Сондықтан іс-әрекеттерді Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек. Үкімет Еуразия аумағындағы сауда-саттықтың әділ жағдайда жасалуын нақты дәлелмен талап етуге міндетті. Ал депутаттар заңнамалық бастамалар арқылы отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғауға тиіс. Еуразия экономика одағына мүше басқа мемлекеттердің кәсіпорындарымен салыстырғанда, біздің кәсіпкерлеріміздің қажетті мөлшерде мемлекеттік қолдауға ие болмай отырғаны анықталды, — деді Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: pixabay.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp