2 часа назад

Тайландтың әуе компаниясы Қазақстанға ұшады

Тікелей рейс 1 желтоқсаннан бастап Бангкок-Алматы бағытында қатынайды.

Тайландтың әуе компаниясы Қазақстанға ұшады
Фото: pixabay.com

Тайландтың «Thai Air Asia X» әуе компаниясы Қазақстанда тікелей рейс ашты. Бұл туралы Азаматтық авиция комитеті хабарлады.

Рейс бірінші желтоқсаннан басталмақ. Тайландтың лоукостері Бангкок-Алматы бағытында аптасына төрт қатынамақ. Ұшақ дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күні ұшпақ. 

Көлік министрлігі:

— Қазақстан мен Тайланд арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда- экономикалық, туризм, іскерлік, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді, — деп сендірді.

Фото: pixabay.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp