Без рубрики
Тараздық тұрғынның денесінде төрт бірдей аналық безі бар (ВИДЕО)
Тараздық тұрғын Арайлым Тұрмағанбетованың тәнінде төрт бірдей аналық безі бар. "Ерекше жанмын" деген ол омырауындағы артық мүшені жақсылықтың нышанына балайды. Кеудесіндегі түйіндерді алғаш рет 17 жасында байқапты. Арайлым аналық бездерінің көптігімен мақтанады. 35 жастағы келіншектің омырауында төрт емшек жеке отау тігіп шыққан. Оны құдайдың сүйген құлына берген сыйы деп түсінген ол камера алдында да еш қымсынбастан көрсетті. "Мен басында мұны қал екен деп жүрдім. Алайда, қалай болды, солай қалып қойды. Мен осындай адамдарды емдегім келеді. Өйткені, мен өзге әлемнен келгендеймін", - дейді ол.