Тарихи ескерткіштердің электронды картасы жасалады
Қала әкімдігінде Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды. Нақты бағыттар айқындалды. Жиынға құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен қатар, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сөзден іске. «Мақаладағы міндеттер бойынша нақты шараларды айқындап, іске асыру жолдарын белгілеу керек» деді шаһар басшысы. Ең алдымен, құнды құжатта қамтылған мақсаттарды түсінідіру үшін үгіт-насихат жұмысы қолға алынады. Бұл үшін арнайы медиа жоспар жасақталмақ. «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша көлемді жұмыстар жүреді. Ғылыми зерттеулер ұйымд