4 часа назад

Ақтөбе облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 15 мың балаға материалды көмек көрсетті

Республикалық «Жалпыға бірдей білім беру қоры» аясында оқушылардың ата-аналар мен заңды өкілдеріне 698 млн теңге аударылды.

Ақтөбе облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 15 мың балаға материалды көмек көрсетті
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында жаңа оқу жылы қарсаңында «Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен 698 миллион теңгеге материалды көмек көрсетілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады. Қазіргі таңда оқу жылы қарсаңында көмек керек деген балалардың 91 пайызына тиісті қаражат аударылыпты. Бұл қаржы оқушыны мектепке киетін формасы, оқу құралдарын сатып алуға арналған.

Сала мамандары 2023 жылдан бастап материалдық көмек 2,5 есеге көбейгенін мәлімдеді. Бір балаға бөлінетін ақша 17 мыңнан 46 мың теңгеге дейін өсті.

Ақтөбе облысында құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғаспақ. Атқамінелер барлық мұқтаж жанұялар толық көлемде қолдаумен қамтылады деп сендірді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp