Ақтөбеде емханаға барып, дәрігердің ноутбугін ұрлаған ұры сотталды. Бұл туралы Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Сотталған емханаға барып, есігі ашық тұрған кабинетте ноутбукті көрген. Ол есіз тұрған бөлмеге кіріп, білдіртпей қымбат техниканы қолды қылыпты. Сотталушы бөгде адамның қылмысын көрмегеніне көз жеткізіп, оқиға орнына бой тасалды. Соның кесірінен дәрігерге 150 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.
Сотта сотталушы өз кінәсін мойындапты. Соттың үкіміне сәйкес сотталушы бір жыл, алты айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Осы жаза мерзімі ішінде ол жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылмақ.Ал, зардап шеккен дәрігердің азаматтық талабы, келтірілген шығынның өтелу арызы қараусыз қалдырылған.