• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда құсбегілердің жарысы өтеді

Спорт сайысы 20-22 ақпан күндері облыс орталығында ұйымдастырылады.
Оралда құсбегілердің жарысы өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда құсбегілердің сайысы өтеді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Спорт додасы 20-22 ақпанда құсбегілер арасында Қазақстан Республикасының ХІХ чемпионаты өтеді.

– Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сайыпқырандар өзара тартысты додаға түсіп, шеберлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, чемпиондық тұғыр үшін бақ сынамақ, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 20 ақпанда сағат 12:00-де өтеді. Құсбегілердің сайысын Орал қаласы Жәңгір хан көшесі 69Б мекенжайында тамашалауға болады.