Без рубрики
Жылма-жыл шаһарда 25-30 кезбе көз жұмады
Орал қаласында белгілі бір тұрағы жоқ кезбелердің қатары көбейіп барады. Бүгінде олардың жалпы саны 300-ден асып кеткен. Тіптен одан әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді білетіндер. Кезбелердің ешқайсысы да жұмыс істемейді, жалақы алмайды, уақытылы медициналық тексерістерден де өтпейді. Күйсіз тірліктің кесірінен жыл сайын олардың 10-нан 1-і көз жұмады екен. Соған қарамастан қатарлары 10 пайызға өсіп отыратын көрінеді. Сәуле Беймұратова 14 жылдан бері кезбеліктің ығына жығылған. Қарызы үшін үйін тартып алғаннан кейін, осындай күйге түсіпті. Қырықтың қырқасына шыққан әйелдің негізгі тірлігі - қайыр