Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова қыздарын тұрмысқа ұзату тақырыбына қатысты ой бөлісіп, толқып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Мой Город.

Ол бұл кезеңге әлі дайын еместігін айтып, ана үшін мұндай сәттің ауыр өтетінін жеткізді.

“Жоғарыдан бұйрық келсе болды ғой. Әрине, көзге еріксіз жас келеді. Ана жүрегі қимайды. Өзгенің қызы ұзатылып жатса байқамайсың, ал өз қызың ұзатылатыны қиын”, – деді Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары оған жылы лебіздерін білдіріп, қолдау пікірлерін қалдырған.