Алматыда «Matic Basket» атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қаржы пирамидасынан 1900-ден астам адам азамат зардап шекті.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметі, – деп қаржылық мониторинг агентігінің хабарлады. Ведомство өкілдері ұйымдастырушылар өздерін «YouTube», «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы жарнамалағанын мәлімдеді. 

Олар азаматтарды жобаға ақша салуға шақырған. Күдіктілер криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен. Салымшылар  бес мың теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін ақша салған. Бірақ қыруар қаржы уәде еткендер ешқандай құжат бермей, келісімшарт немесе ресми келісімдер жасамапты. 

Жаңа қатысушыларды қызықтырғандарға он пайыз көлемінде кіріс уәде еткен. Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы зардап шеккен. Олар жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қаражат салған. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. 

Тергеу амалдары жалғасуда.