«Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандар сотталды
Қызылорда облысында «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты.

Қызылорда облысында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Күдіктілер азаматтарға көп деңгейлі маркетинг желісі мен электронды коммерцияға инвестицияға салуды ұсыныпты. Заң бұзғандар тұрғындарға «QVI tripsaver» саяхат карталары мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Қаржы пирамидасына қатысушылар 840 мың теңгеден төрт миллионға дейін қаржы салғаны анықталды. Қаржы пирамидасының шарты бойынша әрбір қатысушы өзге адамдарды үгіттеп, тіркеу міндеттелген. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 51 адам тіркелген. Олар 63 миллион теңгеден астам ақша салыпты. Сот шешімімен пирамираданы ұйымдастырушылар кінәлі деп танылды. Оларалты жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот шешімімен 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан жеті пәтер мен «Toyota Camry» көлігі тәркіленді.