31 марта в 11:00

Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 300 млн теңгеден астам ақша салған

Қаржылық мониторинг агенттігі тұтынушылық кооператив деп тіркеліп, қаржы пирамидасымен айналысқан Buyers Union мекемесінің қызметін тоқтатты.

Қаржылық мониторинг агенттігі тұтынушылық кооператив деп тіркеліп, қаржы пирамидасымен айналысқан «Buyers Union» мекемесінің қызметін тоқтатты.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қаржы пирамидасына 250 астам салымшы, 300 миллион теңгеден астам қаржы салған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Buyers Union мекемесі тұтушылық кооперативі ретінде тіркеліпті. Қаржы пирамидасы салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттепті. 

Кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік бергені анықталды. Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнының 10 пайыздық жарнасы төлеу міндет болды. Сала мамандары кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілгенін айтады. Қазіргі таңда қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам екі айға қамауға алынды.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp