3 часа назад

БҚО-да пробация есебінде тұрған сотталғандар қылмыс жасап, түрмеге түсті

БҚО-да пробация есебінде тұрған екі адам заң бұзып, бас бостандығынан айырылды.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданында пробация есебінде тұрған сотталғандар заң бұзып, түрмеге түсті. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. 

Заң бұзғандардың бірі – ұрлық жасап, істі болды. 2024 жылдың қазанында сот оған қатысты екі жыл, алты ай бас бостандығын шектеу туралы жаза кеседі. Сотталған пробация тәртібін бірнеше қайтара бұзып, ескертусіз ауданнан шығып, қылмыс жасаған. Прокурорлар соттылығы бола тұра, заң талаптарын аяққа басқан адамның үстінен шағым түсіріпті. 

Нәтижесінде аудандық сот жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзғаны үшін бір жыл, тоғыз ай түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға ауыстырған.

Аудан тұрғыны ұрлық жасағаны үшін үш жыл бас бостандығынан шектеу жазасын арқалапты. Алайда ол пробация қызметінің есебіне себепсіз келмей, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылық жасаған. Оған қатысты аудандық сотпен екі жыл, жеті ай түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.