05 августа в 11:30
БҚО-да жол апатынан жүргізуші зардап шекті
Жол-көлік апаты «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» тас жолында тіркелген.
Батыс Қазақстан облысында «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» тас жолының 32 шақырымында жол апаты тіркелді.
Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, оңтүстік бағытта келе жатқан ВАЗ-21103 маркалы автокөлік жүргізушісі реттелмейтін жолайрықта басты жолмен батысқа қарай тура бағытта қозғалып келе жатқан Лада-21074 маркілі автокөлікке жол бермей, соқтығысқа жол беріпті. Соның кесірінен Лада-21074 маркілі темір тұлпардың жүргізушісі жарақат алыпты. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда екен. Тәртіп сақшылары жол апаты бойынша алғашқы әкімшілік материал жинақталғанын хабарлады.