04 августа в 13:00
Маңғыстауда есепші 243 млн теңге қаржы жымқырған
Қыруар қаржыны иемдеген есепші 5 жылға сотталды.
Маңғыстау облысында бюджет қаражатын жымқырған бас есепші сотталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды. Маңғыстаулық прокурорлар техникалық колледжді тексеріпті. Нәтижесінде бас есепшінің 243 миллион теңге қаржыны жымқырғанын анықталған. Ол іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген ақшаны өзінің жеке есепшотына заңсыз аударыпты. Заң бұзған есепшіге қатысты тоғызыншы шілдеде үкім шықты. Сот үкімімен ол бес жылға бас бостандығынан айырылып, он жыл бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.