05 августа в 10:00
Оралда элеватордан өрт шықты
Қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ.
Орал қаласында Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан элеваторда өрт шықты. Қызыл жалын сегізінші қабаттан қызыл жалын шыққаны туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің хабарлауы бойынша тілсіз жау он шаршы метр аумақта таралыпты. Электр кабелі мен қоқыс өртенген. Соның кесірінен төрт пен сегізінші қабатта қатты түтін болыпты.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.