04 августа в 16:20

Атырау облысында 196 млн теңгені құрайтын 16 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Мемлекет меншігіне өткен жер телімі 31 мыңнан астам гектарды құрайды.

Атырау облысында 196 млн теңгені құрайтын 16 жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Атырау облысында жер заңнамасын сақтамағандардың телімі мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Атыраулық прокурорлар тексеріс жүргізіп, нәтижесінде игерілмеген 31 432 гектар жер мемлекеттік меншікке қайта өтті. Жер телімінің жалпы құны 196 миллион теңгені құрайды. Прокурорлық тексеріс барысында ауыл шаруашылығы шығындары мемлекет кірісіне аударылмау, жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбау фактісі анықталыпты.

— 137 жер қойнауын пайдаланушымен 65 миллион теңге ауыл шаруашылығы шығындары мемлекет кірісіне аудармағаны анықталып, прокуратураның актісімен бүгінгі күні 13,8 миллион теңге мемлекет пайдасына өндірілді. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақты (АЭА) тексерумен, сенімгерлік басқару шартын бұзу арқылы, «Атырау Нефтехим» ЖШС-не тиесілі мақсатына сәйкес игерілмеген құны 1,6 миллиард теңгенің (106 га) жер учаскесі АЭА меншігіне қайтарылды, өз міндеттемелерін орындамағаны үшін, соңғысы АЭА қатысушылары қатарынан шығарылды. Басқа жағдайда, ұзаққа созылған сот процестерінен кейін, прокурорлық қадағалау актісі негізінде «Кипрос» ЖШС-не тиесілі Атырау қаласында пирс салуға арналған 3,46 гектар жер учаскесі мақсатына сәйкес пайдаланылмауына байланысты мемлекет меншігіне қайтарылды, жердің нарықтық құны — 250 миллион теңге құрайды, — делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Прокурорлар жер заңнамасын сақталуы қатаң бақылауда екенін еске салады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp