БҚО-да инвестордың құқығы қорғалған

Цемент зауытын салмақшы болған инвестор құқығым бұзылды деп облыстық прокуратураға шағымданыпты.

БҚО-да инвестордың құқығы қорғалған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында цемент зауытын алмақ болған инвестордың құқығы бұзылған. Прокурорлар 75 миллиард теңге инвестиция салып, 60 жаңа жұмыс орынын ашпақшы болған «СпецСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құқығы қорғалды деп хабарлайды. 

Мекеме 2022 жылы  өндіріс ошағының құрылысына кіріскен. Кәсіпкер жер қатынастары басқармасы тарапынан кедергіге тап болып, болашақ кәсіпорынның жұмысына қажетті сазды шикізат пен опокадан бор өндіруге арналған жер телімін жалға беру шартын бұзу туралы сотқа шағым түсіріпті.

— Жағдайды шешу мақсатында облыстық прокуратура барлық мүдделі тараптардың қатысуымен фронт-офис отырысын ұйымдастырып, нәтижесінде талап арыз кері қайтарып алынды. Алайда бір жылдан кейін басқарма жалдау шартын біржақты бұзып, сот бұл әрекеттерді қолдады. Облыстық прокуратураның наразылығымен инвестордың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін сот актісінің күші жойылды, — делінген Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының хабарламасында.

Құқығы қорғалған инвестор қытайлық серіктесімен 100 миллион доллар көлемінде келісімге келіп, зауыт құрылысын жалғастырды. Прокурорлар инвесторлардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау ерекше бақылауда деп хабарлады. Осы мақсатта облыста фронт-офис құрылыпты. Мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. 

Құқығы бұзылған кәсіпкерлер +7-702-766-09-26 нөміріне хабарласа алады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp