Маңғыстауда 55 мүгедектігі бар баланың құқығы бұзылған

Бейнеу ауданында прокурор түзету кабинетінің жұмысын тексерді.

Маңғыстауда 55 мүгедектігі бар баланың құқығы бұзылған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысының прокурорлары «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесінің жұмысын тексерді. Нәтижесінде мемлекеттік мекеменің 55 ерекше білім беруді қажет ететін баланың құқығын бұзғаны анықталды. 

Түзету кабинеті психофизикалық дамуы бұзылған туғаннан кәмелетке жасқа толмаған балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетумен айналысады.  

2023-2024 оқу жылында көру қабілеті төмен, маманның сүйемелдеуіне мұқтаж 12 балаға тифлопедагогтың көмегі қамтамасыз етілмегені анықталды. 

Мысалы, бір балаға педагог-дефектологтың, логопедтің, психологтың, емдік дене шынықтыру нұсқаушысының және массажистің көмегі ұсынылған. Алайда баланың жағдайына бақылау жүргізілмеген, мамандардың көмегі көрсетілмеген, жеке даму бағдарламасы, сабақ жоспары мен кестесі әзірленбеген. Заң талаптарын бұзған түзету кабинетінің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, басшының орынбасары тәртіптік жаза арқалаған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp