06 августа в 16:00

Оралда Жайыққа масаң күйде түскен адам жауапқа тартылды

Оралда суға түсіп, сақтық шарасын сақтамаған жанға полиция қызметкерлері хаттама толтырылды.

БҚО ПД видеосынан стоп кадр

Бесінші тамызда Орал қаласында Жайық өзенінің жағалауында қоғамдық тәртіп бұзылды деген полицияға хабарламаға келіп түскен. Тәртіп сақшылары үш адамның ішімдік ішіп отырғанын анықтады, — деп облыстық полиция департаменті хабарлайды. 

Ащы суды ұртаған ер адамның бірі-өзенге секіріп, ағыс оны жағадан алыстатыпты. Құтқарушылар Жайықты жүзіп өтпек болған адамды құтқарды. Суда жүзген ер адам құтқарушылардың қайығына отыруға қарсыласыпты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады. Түсіндіру жұмыстарынан соң, ол райынан қайтып, аман қалыпты.

Кейін полиция қызметкерлері қоғамдық орында алкоголь тұтынған адамдарға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері суда сақтық ережелерін сақтауға шақырады.