Оралда құтқарушылар жасөспірімді судан құтқарды

Оқиға Орал қаласының демалыс және мәдениет саябағында болды.

Оралда құтқарушылар жасөспірімді судан құтқарды
БҚО ТЖД фотосы

Оралда төтенше жағдай министрлігінің әскери қызметкерлері жасөспірімді суға батып бара жатқан 13 жастағы қыз баланы құтқарды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға облыс орталығында орналасқан демалыс және мәдениет саябағында тіркелген. Жасөспірім Шаған өзенінде суға түсіпті. Төтеншеліктер патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан адамды байқап, көмекке келген. Олар ажалдан аман қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 2012 жылғы қыз баланы медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құтқарушылардың 36 жастағы ер адамды құтқарғаны туралы жаздық. Ал, демалыс күндері Шалқар көлінде 58 жастағы ер адам суға батып кетті.

Құтқарушылар суда сақтық шараларын сақтауға шақырады.

БҚО ТЖД фотосы

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp