Оралда құтқарушылар 36 жастағы ер адамды құтқарды
Ер адам Жайық өзеніне суға батып кете жаздады.

Орал қаласында 1989 жылы туған ер адам суға батып кете жаздады. Оған Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері Ералы Климов пен Айсұлтан Насыров Жайық өзенінде патрульдеу кезінде батып бара жатқан адамды байқапты.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Әскери қызметшілер жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетіпті. Аман қалған ер адамды медицина қызметкеріне тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеде Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде 58 жастағы ер адам суға батып кетті.
Құтқарушылар су айдындарында сақтық шараларын сақтауға шақырады.