Оралда жаяу жүргіншілер жолағында 15 жасар жасөспірімді көлік қақты

Оқиға 7 қарашада Абай даңғылында тіркелген.

Оралда жаяу жүргіншілер жолағында кәмелетке толмаған жасөспірімді көлік қақты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің таратқан ақпарына сүйенсек, оқиға «№8 мектеп» аялдамасы маңында жетінші қарашада таңғы сағат 8.40 тіркелген. KIA маркілі көлікті тізгіндеген жүргізуші Абай даңғылының батыс бағытымен келе жатқан.

—Жарақат алған жасөспірімді жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді, жағдайы бірқалыпты. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыстануда,-деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.