01 августа в 15:00
2 тамызда eGov.kz пен e-Otinish уақытша жұмыс істемейді
Мемлекеттік электронды сервистер 2 тамызда сағат 2.00-ден 6.00-ге дейін уақытша жұмыс істемейді.
2 тамызда мемлекеттік электронды сервистер түнгі екіден таңғы алтыға дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мәлімдеді. Мемлекеттік электронды сервистерде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілмек. Түнгі уақытта
- eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
- «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
- Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистерін уақытша қызметін тоқтатады.
Сол себепті сала мамандары қажетті операцияларды алдын ала аяқтап, техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.