3 часа назад
БҚО-да «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңі аяқталды
Байқаудың облыстық кезеңінде 8 ұстаз жеңімпаз атаныпты.
Батыс Қазақстан облысында «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Облыстық сайысқа 25 мұғалім қатысыпты. Конкурстық комиссия әрбір қатысушыны бағалап, 100 ұпайдың кемінде 80% жинаған сегіз үздік педагог республикалық кезеңге жолдама алды. Байқаудың қорытындысы бойынша:
- Арыстанов Мұқат Қайыржанович – Сырым ауданы, Қ.Мырзалиев мектебі, тарих пәні мұғалімі;
- Ишанғалиева Жазира Наурызбайқызы – Орал қаласы, №27 мектеп-лицей, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы – Орал қаласы, Оқушылар сарайы, қосымша білім педагогы;
- Сапашева Эльмира Ибрагимовна – Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев мектебі, тарих пәні мұғалімі;
- Ірғалиева Анар Аманқосқызы – Бөрлі ауданы, №4 ЖОББМ, биология пәні мұғалімі;
- Әлмұқан Асқар Сатыбайұлы – Орал қаласы, №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия, Қазақстан тарихы мұғалімі;
- Имашева Динара Иманбайқызы – Орал қаласы, №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- Ажкеева Гаухар Алтынбековна – Абай атындағы облыстық мектеп-гимназия, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі жеңімпаз деп танылды.
Жеңіске жеткен ұстаздар республикалық деңгейде ұйымдастырылатын сайыста бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Оқу-ағарту министрлігі «Үздік педагог» байқауы өтетін хабарлаған еді. Сайыстың жеңімпазы 4 миллионға жуық сыйақы алады.
- «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары 4 млн теңгеге жуық сыйақы ала алады
- Шағын жинақты мектепті қолдау білім сапасын арттырмақ
- Оралда мектеп мұғалімі көлік жүргізу құқығынсыз темір тұлпарды басқарып, айыппұл арқалады
- БҚО-да «Келешек мектебі» пайдалануға берілді
- Оралда «Мектепке жол» акциясы өтті
- БҚО-ның алты білім ордасы республиканың үздік мектептер қатарына кірді