Маңғыстауда қаржы пирамидасын құрғандар 6 жылға сотталды

Сот үкімімен заң бұзған екі адам алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстауда қаржы пирамидасын құрғандар алты жылға сотталды. Олар сот үкімімен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 217 бабы, үшінші бөлігінің екінші тармағы бойынша кінәлі деп танылды. 

Екі сотталған Маңғыстау облысында өздері кооператив ашқан, есепшотқа ақшалай салым салып, кезек арқылы баспана немесе көлік сатып алу мүмкіндігі туралы жарналамайды. Соның кесірінен 31 тұрғын 89 миллион теңгеге шығынға ұшырайды.Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

 Прокуратура таратқан ақпарға сүйенсек, бұған дейін Қызылорда қаласында осы секілді пирамида құрған адам жаза арқалады. Прокурорлар басқа адамдармен бірлескен ақшалай салымдар арқылы өте жоғары табыс, бонустар немесе пайызсыз мүлікті сатып алу туралы кез келген уәде қаржылық пирамиданың айқын белгісі деп ескертеді.