Қаржы пирамидасы 350 адамнан 790 млн теңгеден астам ақша жинаған

«Rakhat0425» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты.

350 адамнан 790 млн теңге ақша жинаған қаржы пирамидасының жолы кесілді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Абай облысында «Rakhat0425» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты. 

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Заң бұзғандар азаматтардан қаржы жинап, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30 пайыз дивиденд уәде етіпті. 

Соның кесірінен 350 адам сан соқты. Қаржы пирамидасы 790 миллион теңгеден астам ақша жинап үлгеріпті. Мол пайдаға кенелесің деп адамдардың сеніміне кірген қаржы ұйымы тұрғындарға арзан бағада пәтерін беруге көндіріпті. 

Әлгі мүлікті төмен бағамен баз біреулердің атына рәсімдепті. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған көрінеді. Қазіргі таңда екі күдікті қамауға алынды. Үшінші адам үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp