3 часа назад

Қазақстанда 3000 астам мектеп аттестациядан өтпек

Өткен жылы 2487 орта білім беретін мекемелердің жұмысы сарапқа салынды.

Фото «МГ» порталының мұрағатынан

Биыл Қазақстанда 3025 мектептің білім сапасы тексермек. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында білім сапасын бақылайтын департаменттер 1170 оқу ордасының жұмысын саралапты. Мұндай тексерістер білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған екен.

— Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді.  Оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі фактілері анықталды, — деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Министрлік бақылау іс-шараларын жүргізу білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын, оның ішінде педагогтердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпек.