Еліміз бойынша бірінші рет Орал қаласында финдік «Arctic Machine» техникасы алынып, қала көшелерін қардан аршуға кірісті. Тың техниканың мүмкіндігі көп.

Жаңа техниканың қауқары бұрынғы төрт мәшинеге тең. Жанар-жағармаймен қатар уақытты да үнемдейді. Алғашқы күннің өзінде бұл техника бес сағаттың ішінде бір мың текше метр қарды тиеп үлгеріпті.
- Бұл техника Фин елінен арнайы әкелінді. Әзірге бір машина қызмет істеуде. Қазір арнайы мамандар жаңа техникамен жұмыс жасауда. Өте жылдам, қар лақтырушы құрылғысы да кез келген бағытқа бұрылып, жұмыс жасай алады. Әзірге осы техника қыс бойы сынақтан өтіп шығады. Егер бәрі ойдағыдай болса, алдағы уақытта мұндай машинаның қатары көбейеді, - дейді Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев.
Финляндияда құрастырылған «Arctic Machine» техникасы Ресейдің Мәскеу, Челябі, Новосібір қалаларында қолданылуда. Құны 41 млн. теңге. Ал жалпы биыл 19 арнайы техниканы сатып алуға облыстық бюджеттен 307 млн. теңге бөлінген.
- Жаңа роторлы қар тазалағыш машина минутына 30 текше метр қарды тиейді әрі бұл жұмысты жылдам атқарады. Құрылымы да ерекше жасалған. Шығыны да аз, жанар-жағар майды көп қажет етпейді. Дербес қар тазалағыштың қуаты 175 аттың күшіне тең дизельді қозғалтқышы бар. Жанар-жағар май толық құйылса, 10-12 сағатқа жетеді. Қар лақтырушы құрылғысы да кез келген бағытқа бұрылып, жұмыс жасай алады, - дейді «Arctic Machine» компаниясының өкілі Станислав Пересветов.
Өткен жылы қаладан 350 мың текше метр қар шығарылған. Биылғы қыс та қаһарлы болады деп болжануда. Күні бүгін шаһарда «Жайық таза қала» ЖШС қарасты 108 техника қар тазалап жүр.
Естеріңе сала кетсек, өткен жылы 80 мың шаршы метр қар аршығандарын айтады. Ерімей тұрып, ауыр көліктермен жағалауға жеткізу¬дегі басты мақсат-тұрғын үйлерді су басу¬дан сақтап қалу болды биылғы жылдың маусымында. Сол себепті қыр астында¬ғы көктем жеткенше коммуналдықтар күн-тү¬н демей жұмыс жасау қарқынын күшейткен.
Қардың көп түсуі дихандар мен бағбандард¬ы қуантты. Ал коммуналдықтар үшін осы жы¬л ауыр болды. Қазір де жол пайдаланушы кәсіпорын қолда бар техникасы мен жалға а¬лған көліктерін қар аршудан бір босатар емес. Бастысы-олар қала ішіндегі үйлерді¬ң еріген қар суынан зардап шекпеуін болд¬ыртпау үшін тырбануда.
Арман Курманалиев