1 маусымнан бастап Абу-Даби-Алматы бағытында ұшақ ұшады
БАӘ ұшағы Қазақстанға қатынайды.

1 маусымнан бастап Абу-Дабиден Алматыға қатынау жеңілдей түспек. Жаздан бастап «Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясына тиесілі ұшақ Қазақстанға ұша бастайды.
Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады. Әуе тасымалдау нарығына жаңадан енген компания Абу-Даби-Алматы бағытында қызмет көрсетпек. Ұшақ аптасына үш рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.
Министрлік қос ел арасындағы тікелей рейс сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәденит ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп есептейді.
Фото: pixabay.com