10 апреля в 12:00

Корейлік лоукостер Қазақстанға ұша бастады

Оңтүстік кореялық «Eastar Jet» бюджеттік әуе компаниясы Қазақстанға қатынай бастады.

Корейлік лоукостер Қазақстанға ұша бастады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанға Оңтүстік Кореялық «Eastar Jet» бюджеттік әуе компаниясына тиесілі ұшақтар қатынай бастады. Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді. Алғашқы рейс жетінші сәуірде тіркелген. 

Әуе компаниясы «Сеул-Алматы» бағытында аптасына екі рейс жиілігімен жолаушыларды тасымалдайды. Бұл өткен жылғы наурызда қос елдің авиациялық билігі арасында болған келіссөздер нәтижесінде болды. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастық одан әрі дамымақ, деп көлік министрлігі хабарлады. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp