200 мың қазақстандық ұстаз жасанды интеллектіні меңгерген
Оқыту курсынан өткен мұғалімдердің 140 мыңы арнайы сертификатқа ие болыпты.

Қазақстанда 200 мың педагог жасанды интеллектіні білім беру процесінде пайдалануды меңгерді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Қазіргі таңда білімін жетілдірген ұстаздардың тек 140 мыңы ғана арнайы сертификат алыпты. Министрлік қызығушылық Шымкент пен Түркістан өңірінде көп екенін жасырмады. Қатысушылардың дені бастауыш пәні мұғалімдері екен.
— «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, халықаралық тәжірибе негізінде әзірлеген бағдарламаны қазақстандық педагогтерге бейімдеді. Курс барысында мұғалімдер жасанды интеллекті құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыда дұрыс қолдануды, промпт жазуды, сабақ жоспарлау, тестілеу мен оқу материалдарын әзірлеуді меңгереді, — делінген оқу-ағарту министрлігінің ресми хабарламасында.
Бағдарламаға Қазақстанның кез келген өңіріндегі педагог reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне ыңғайлы уақытта тегін онлайн қатыса алады.
- Қазақстан 3 жылда цифрлы мемлекетке айналуы керек
- БҚО-да «Келешек мектебі» пайдалануға берілді
- 26 школ построили за последние три года в ЗКО
- Какие школы достроят в этом году в ЗКО
Фото: pixabay.com