Ақтөбеде оқушының велосипедін ұрлаған ер адам қолға түсті. Облыстық полиция департаменті ұрлық облыс орталығының 11 шағын ауданында тіркелгенін хабарлады. Қолға түскен ер адам оңай олжаға көз салып, бөгденің мүлкін қолды қылған. Велосипед арнайы троспен бекітілмепті.
- Жәбірленушінің анасы келтірілген шығын көлемін 100 мың теңге деп бағалаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған велосипед табылып, полиция қызметкерлері тәркіледі. Қазіргі уақытта велосипед заңды иесіне қайтарылды.Күдікті өз кінәсін мойындады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда велосипед ұрлығы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға көлік құралын қараусыз қалдырмауды ж»не міндетті түрде сенімді құлып немесе ұрлыққа қарсы троспен бекітуді еске салады.