Ақтөбеде ішімдік ішкен ер адамнан ақшасынан айырылды. Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, екі азамат бірге дастархан басында ащы су ішкен. Ұрлыққа барған ер адам танысының назары басқаға ауғанын біліп, оның ұялы телефонын алып, банк қосымшасына кіріп, өзінің есепшотына бір миллион теңгені аударып алған.
- Жәбірленуші ақша аударылғанын бірнеше күннен кейін ғана банк операцияларын тексеру барысында байқап, бірден полицияға жүгінген.Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, аударылған ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Қазіргі таңда танысының ақшасын жымқырған тұрғынға қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталыпты.